Қарқия ауданында төтеншеліктер "Қауіпсіз сауда" республикалық акциясын өткізді. Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары ойын сауық орталықтарына, сауда үйлері мен базарларға барып, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ережелерді түсіндірді. Кәсіпкерлік нысан иелері мен қызметкерлеріне арнайы ескертпе қағаздары да таратылды.