Астана, Алматы дәрігерлері маңғыстаулық тұрғындарды тегін қабылдайды. «ҚР Президентінің Іс басқармасынан» келген ақхалаттылардың мақсаты - аурудың алдын алу, диагностикалау және емдеу. Сондай-ақ денсаулықты жақсарту саласында заманауи әдістер арқылы әріптестерімен тәжірибе алмасу. Өңірге арнайы келген 10-ға жуық маман облыс орталығындағы ауруханаларда шеберлік сағатын өткізіп, тәжірибесімен бөлісті.