Ақтауда алимент төлемеген азамат 6 айға бас бостандығынан айрылды. Борышкердің берешегі 3 миллион теңгеден асып кеткен. Өзі жұмыс істемейді. Бірақ, жұмыссыздық кезегіне тіркелмеген. Қалалық прокуратураның мәліметі бойынша, бұл жыл басынан бері алимент үшін сотталған үшінші дерек. Оған дейін алимент төлеуден жалтарған тағы екі тұрғын 1 жылға бас бостандығынан айрылған. Қазір 10 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.