Ақтауда жыл басынан бері 1 базар, 4 сауда дүкенінде өрт шыққан. Осындай қайғылы оқиғаларды алдын алу мақсатында төтеншеліктер "Қауіпсіз сауда" республикалық акциясы аясында рейд өткізді. Мамандар базар мен сауда үйлеріне барып, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ережелерді түсіндірді. Кәсіпкерлік нысан иелері мен қызметкерлеріне арнайы ескертпе қағаздары да таратылды.  Айта кетейік, бүгінде Ақтау қаласында 60 жуық сауда орталықтары бар.