Ақтауда тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында волейболдан Қазақстан чемпионаты өтті. Тұрып ойнайтын жағажай волоейболынан біріншілік биыл 12-ші  рет ұйымдастырлды. Чемпионатта бес команда өнер көрсетті. Олар: Ақтау, Жаңаөзен, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облысынан келді.  Екі күнге жалғасқан жарыс барысында командалар айналмалы әдіс бойынша бірімен- бір ойынап шықты. Қорытындысында алаң иелері Ақтау бірінші, ал Түркістан облысының құрамасы екінші болса, үздік үштікті Қызылордалықтар қорытындылады.