Жыл басынан бері облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 810 өтінішті қарап, оның 227-і қанағаттандырылған. Нәтижесінде 18 421 309 млн. теңге арыз иелеріне қайтарылған. Сондай-ақ, биыл іске қосылған «Сапалы өнім» тұжырымдамасы аясында 20-дан астам азық-түлік өнімі тексерілді. 9 тамақ түрі дүкен сөрелерінен алынып, әкімшілік шаралар қолданылды. Бұл өңір басшысының төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста айтылды. Отырыста облыс әкімі аталған мәселеге байланысты жауаптыларға нақты тапсырмасын жүктеді.