- Ақтауда кейбір кәсіпорындарда мүгедектерге жағдай жасалмаған. Бірінде пандус қойылмаса, енді бірінде арнайы тұрақ белгілері жоқ. Бұл өңірдегі қоғам белсенділерінің тексерісі нәтижесінде анықталды. Мониторинг мүшелері қаладағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап,нәтижесінде бірқатар мекеме өкілдеріне ескерту беріп, олқылықты жоюды тапсырды. Айта кетейік, шара мақсаты-мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті жағдайлардың жасалуын қамтасыз ету.