Аймақтың энергетика саласы ақсап тұр
Маңғыстауда ауыз су, электр жарығы және газ мәселесі кезек күттірмей шешілуі тиіс. Бүгін облыс халқы өңірге келген энергетика вице министрі Ерлан Ақкенженовке осындай талап қойды. Аймақты электр энергиясымен , ауыз сумен және жылумен қамтитын кәсіпорынды толықтай жөндеуді мемлекет өз мойнына алуы қажет. Сондай-ақ, жыл басынан бері газ бағасының 3 рет көтерілуін негізсіз деп есептейтін халық Маңғыстаудағы осы үш мәселені тез шешуді талап етіп отыр. Әр аудан мен қаладан келген белсенділер вице-министрге электр энергиясы мен газ беретін алыпсатар мекемелерді нарықтан алып тастауды да ұсынды.