2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа Жолдауын жариялады. Онда мемлекет басшысы Қазақстанның алдағы кезеңге арналған саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына тоқталды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министріне қарулы күштерде толық темірдей тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды. Ол Қарулы Күштер мен Ішкі істер министрлігінің басшылығы әскери қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне жауапты екенін баса айтты. Өз кезегінде, қалыптасқан дәстүр бойынша Президент  жолдауын Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің өкілдері толық қолдайтынын айтты .