Енді қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталығының маманын үйге шақыра алады. Жаңа сервисті пайдалану үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш беруге болады. Немесе Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында «жеке менеджерді үйге шақыру» батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтыру қажет. «Азаматтарға арналған үкімет» мамандары ақпаратты нақтылау мақсатында әрі менеджердің келу уақытын белгілеу үшін қызмет алушымен байланысады. Алайда мамандар төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу және көлік құралдарын тіркеу жөніндегі қызметтерді көрсетпейді. Айта кетейік, пилоттық жоба ақылы негізде жүзеге асады.