"Мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмалар ең бірінші кезекте біздің тұрғындар үшін керек". Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай жергілікті ведомоствомен өткізген аппараттық жиынында осылай деді. Жиында мемлекет басшысының жолдауын сапалы орындау тетіктері талқыланды. Әкім Жолдаудағы тапсырмаларды тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар мен шараларды тез ұсыну керектігін айтты.