Соңғы жылдары Маңғыстауға келетін туристер саны артқан. Мәселен, былтырғы жылдың 2-ші тоқсанындағы көрсеткіш бойынша облысқа 180 мыңдай турист, ал биыл 215 мыңға жуық адам киелі мекенге табан тірепті. Оның ішінде қазақстандықтардың үлесі - 199 мыңнан асатын болса, шетелдіктердің үлесі - 15 мыңды құраған. Олардың аймақ жөнінде пікірі қандай? Сала мамандары көрсететін қызметке көңілдері тола ма? 27-қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күнінде өлке қонақтарымен тілдесіп көрдік.