Ақтаулық 24 жастағы Мзиа Цхададзе Қазақстан азаматы еместігін естігенде төбесіне жай түскендей болды . Қолында жеке басын куәландыратын барлық тиісті құжаттары бар болсада , жауапты органдар оған " Қазақстан Республикасының азаматы қатарына жатпайсың " деп кесіп айтқан . Бұл түсініксіз жағдайдың анық - қанығын білу үшін "бармаған жері , баспаған тауы қалмаған". Ал енді көңіл күйі түсіп , не істерін білмей әбден басы қатып жүр. Бұл мәселенің шешімі бар ма, әу баста ағаттық кім жіберді ?