Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев та референдумда өз таңдауын жасады. Елордадағы нөмірі 164-ші дауыс беру учаскесінде болды. Ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында «Осы референдум - Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам» деп атап өтті.