Сайын Шапағатов ауылындағы қосалқы станцияның құрылысы жыл соңында аяқталмақ. Жұмыстың мәресіне жеткені туралы өңірлік электртораптық мекеменің өкілі хабарлады. Еске салайық, станция құрылысы былтыр басталған. Жоба ауыл тұрғындарын электрмен жабдықтау сапасын арттыру үшін қолға алынды.