Ақтаудағы білім беру ұйымдарының бірінде "Жас құтқарушылар" сыныбы ашылды. Кабинеттің салтанатты ашылу рәсімі 19 қазан құтқарушылар күніне орай ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар департаменті осы арқылы балаларға қауіпсіздік шараларының негізін меңгертуді көздейді.