Маңғыстау мұнайын өндірушілердің алғашқы қонысы, қасиетті қарашаңырағы - Қызылсай ауылына 65 жыл толып отыр. Жаңаөзеннің қала болып қалыптасуының бастауы болған ауылдың бүгінде ажары артып, шағын қалашыққа айналды. Мерейтой аясында елді мекенде «Бұрғылау мұнарасы» ескерткіші ашылды. Сонымен қатар, тұңғыш бұрғышы Тынышбай Опиевтің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды.