Жылыту маусымы басталғалы 2 апта уақыт болды. Бірақ, көпқабатты үйдің тұрғындары әлі күнге дейін жылусыз отыр. Тұрғындардан арнамызға жылу мен судың мәселесіне қатысты  шағымдар көп түседі. Солардың бірі Шығыс-2-гі 379 үй. Жылу берілмегіні бір мәселе болса, тұрғындар тіпті ішерге де су таппай отыр. Әкімдікке бірнеше рет арызданғанмен нәтижесіз.