Ақтаудағы 27 шағын ауданда орналасқан жекеменшік "Әлфараби" мектебінің 20-дан астам мұғалімі жалақыларын уақытылы ала алмай отыр.Оған қоса жазда шыққан еңбек демалысының да қаражаты төленбеген.Ашынған ұстаздар бүгін оқушыларға сабақ беруден бас тартты.Тиісті ақшаларын ала алмағандар редакциямызға шағымданды.