Ақтаудағы 6656 әскери бөлімі сарбаздарының қызмет мерзімі аяқталуға шақ. Осыған орай Ақтау қаласы ПБ қызметкерлері жауынгерлермен кездесті. Жас ұландарды ішкі істер органдарына болашақта қызметке орналасу бойынша кеңес беріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.