Каспий теңізінің тоқтаусыз тартылуы - қауіпті. Салдарынан судың тұздылығы артады. Теңіз түбінде қысым азайып, улы газдар шығуы мүмкін. Ал бұл Каспийдің өсімдігі мен жануарларына күллі зиян. Тәуелсіз экологтар теңіз суының нақты тартылу себебін анықтап, оның әсері қандай болатынын шұғыл түрде зерттеу қажет деп дабыл қағуда.