Ақтаудың 31Б шағын ауданындағы "Өрнек" кешенінде бірнеше күннен бері жылу жоқ. Тұрғындар пәтерін электр құрылғыларымен жылытуға мәжбүр. Ал осы кешенге қызмет көретуші мекеме өкілдері аталған жағдайға "Каспий жылу, су арнасы" мен МАЭК кәсіпорны жауапты деп қысқа ғана қайырды. Амалы таусылған ақтаулықтар арнамызға арызданды.