Бүгін Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне Әнуарбек Бимағамбет тағайындалды.Маңғыстау ауданы,Қосбұлақ ауылының тумасы Маңғыстау гуманитарлық-экономика колледжін,Алматы мемлекеттік педагогика институтын бітірген.«ТVТ» телестудиясында, «Үш қиян» республикалық газетінде, республикалық «Хабар» агенттігі және «Қазақстан» ұлттық телеарнасының аймақтағы меншікті тілшісі болған. 2005 жылы Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі, 2007-2009, 2021-2024 жылдары "Маңғыстау" телеарнасының директоры қызметін атқарған.