Ақтаудағы №33-ші жаңадан ашылған мектепке жарылғыш зат қойылған. Бұл туралы жалған ақпарат берген күдікті ұсталып, қазір уақытша қамау изоляторында. 102 кезекші пультіне хабарлама 04.15 шамасында түскен. Кинологтар мектеп маңын тексерген, алайда күдікті зат табылмаған. Жедел іздестіру кезінде 1995-ші жылы туған, бұған дейін де бірнеше рет сотталған күдікті ұсталды.