30-ға жуық маңғыстаулық дәрігер шетелге шығып, үздік клиникаларда кәсіби шеберліктерін шыңдап келді. Ауруханалар мен емханалардың ақхалаттылары Беларусь республикасының медициналық орталықтарында тәжірибе алмасса, акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, хирургтар мен неонатологтар Ресейде білім алды.