Маңғыстауда әлеуметтік тауарлардың бағасы аспандап кетті. Көпшілік қымбат бағаларды ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп, қоғамдық резонанс тудыруда. Мәселен қазір сауда орындарда картоптың бағасы әр түрлі, бір келісінің құны экзотикалы жемістің бәсінен кем емес, 320 - 380 теңге аралығында. Бағаны шарықтатып отырғандар көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер. Олар жолдың құны мен 15 пайыз өзінің пайдасын қосып отыр. Қазір өңірдегі мамандар бағаны тұрақтандыру мақсатында сауда орындарды аралап, қорда арзан бағада көкөністердің бар екенін жеткізіп жүр.