Ақтауда баспана кілтіне қол жеткізе алмай жүрген бір топ салымшы бас көтерді. Айтуларынша 2023-ші жылдың екінші тоқсанында пайдалануға берілуі тиіс үйдің әлі күнге дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталмаған. Екі жылға жуық әр жерден пәтер жалдап сенделгендер құрылыс басына жиналып, шағымдарын айтты. Үйдің ірге тасын қалаған компания басшысының құр уәдесіне әбден тойдық деп отыр редакцияға хабарласқандар. Мердігер мекеме өкілімен түсірілім тобы байланысқа шығуға тырысқанымен нәтиже болмады.