Православ христиандары шоқыну мерекесін атап өтті. Әлемнің 145 мемлекетінде тойланатын бұл мейрамнан ақтаулық проваслав дінінің өкілдері де қалыс қалмады. 100 деген адам теңіз жағалауына жиналып суға түсіп, мінәжәт етті. Сенімге сәйкес бұл күні қасиетті суға түскен адам барлық күнәмен сырқаттан айығады.