Өңірдегі тәжік-ауған соғысының ардагерлері 7 сәуір - ерлік күнін атап өтті. Осыдан 30 жыл бұрын қазақстандық Ішкі әскердің жауынгерлері тәжік-ауған шекарасында қайтпас қайсарлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Сол шайқаста 17 жауынгер оққа ұшып, 34-і жарақат алған еді. Олардың осы ерліктерін ұмытпай ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында аймақта бірнеше патриоттық шара ұйымдастырылды.