Жүргізуші: Каспий теңізінің жан-жануарлары мен өсімдіктер әлеміне қауіп төніп тұр. Оған дәлел, соңғы жылдарда Каспийдің эндемигі - итбалықтар жаппай қырылып жатыр. Былтырдың өзінде 2 мыңнан астамы өлді. Ғалымдардың есебінше, қазір небәрі 260 мың итбалық қалған. Теңіздің биоалуантүрлілігіне судың ластығы тікелей әсер етіп жатыр,- дейді тәуелсіз экологтар.