Облыстық музыкалық-драма театрда «Тағдыр тақтасы» қойылымы сахналанды. Драманың авторы - белгілі ақын, драматург Бақыт Беделхан, ал, қойылым режиссері - Жұлдызбек Жұманбай. Өнер ордасының төрінде көрермен «Жаңа Ғасыр» театры ұсынған автобиографиялық қойылымды тамашалап, ерекше әсер алды.