Маңғыстау «Көпэтносты отбасы» байқауы жарияланды. Сайыс Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы орай өңірдегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық пен татулықты нығайту мақсатында өткізілмек. Дода онлайн түрде өтеді. Сайысқа қатысу үшін отбасы құрамында 5 түрлі этностан кем болмауы тиіс. Туыстықты анықтайтын құжат 18 сәуірге дейін қабылданады. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, жеңімпаз отбасылар арнайы шығармашылық пен өзіндік ерекшелік, мәдениетті терең таныстыру, бірлік пен достық идеяларын жеткізу критерийлері бойынша анықталады.