Маңғыстаулық жастар Қарақия ауданы бойынша шекара басқармасының жұмысымен танысты. 70-ке жуық мектеп оқушысы мен колледж студенттері әскери бөлімдегі ашық есік күніне қатысты. Аталған шара Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналып ұйымдастырылды.