Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді.Президент бірқатар нысанның қызметімен танысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.Қасым-Жомарт Кемелұлы алдымен Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап,қызметімен танысты.Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету,тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген.