Түпқараған ауданы, Аташ елдімекенінің тұрғындары суды әлі күнге дейін тасып ішеді. Ауыз судың зарын тартқан ауылдағы ағайын су құбырын жүргізу үшін жердің қазылғанына 2 жыл өтті дейді. Ал мердігер болса, бастаған істі аяқсыз қалдырып, елді әуре сарсаңға салып отыр. Енді елдімекен тұрғындары да көштен қалғысы келмей, «суды құбырмен жеткізіп берсін!» деген талаптарын айтты. Аташтықтар тіршілшік нәрінен бөлек басқа да проблемалардан көз ашпадық деп налиды.