Мұнайлы ауданында безбүйрек ана жаңа туған шақалағын далаға тастап кеткен.Таңертеңгі сағат 9:30 шамасында терезесінің алдынан сәбидің дауысы естіліп, тұрғын дереу полиция мен жедел-жәрдем қызметін шақырған.Шала туып, денесі салқындап қалған баланы фельдшерлер облыстық ана мен бала орталығына алып келген.Ал полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.Қазір тергеу амалдары жүргізіліп,сәбидің туған анасы іздестіріліп жатыр.