Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майдандағы сарбаздар соңғы демі қалғанша жан аямай күрессе, тылдағы еңбек те толастаған жоқ.Ауыл шаруашылығындағы ерлердің майданға тартылуына байланысты, олардың орнын елде қалған азаматтар, әйелдер мен балалар басты.Олар жауынгерлерді азық-түлікпен, шикізатпен қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосты.Сондықтан "Жеңіс күні" - соғыс кезінде тылда бел жазбай еңбек еткен ардагерлердің де мерекесі екені айқын.