Маңғыстау облысында киік ұшалары мен мүйіздерін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері мен "Бүркіт" арнайы бөлімшесі, Маңғыстау облысы прокуратурасымен Бейнеу ауданының Тұрыш ауылындағы бір үйдің ауласынан киікке қатысты заңсыз әрекеттердің дерегін анықтады.