«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аумағында қызыл кітапқа енген жыртқыш аң - алабарыс тағы да фототұзақ таспасына түсті. Қорғау бөлімінің инспекторлары жүргізетін жылнамадағы деректерде, алабарыс көбіне ұшпа мен шың басындағы соқпақтарда жорытып, із кесетін көрінеді.