Ақтауда кәмелетке толмаған екі қызының қауіпсіздігіне алаңдаған әке полицияға шағым түсірді. Тұрал Латифовтың айтуынша, бұрынғы әйелімен қазір бірге тұрып жатқан азаматтық некедегі ер адам - қыздарға қол көтеретін көрінеді.Оқу жылы басталарда Оралдағы ата-әжесінің үйінен Ақтауға қайтудан бас тартқан қыздар бар шындықты туған әкесіне баяндап беріпті. Әкесі енді әлеуметтік желіде үндеу жариялап, құзырлы органдардан көмек сұрап отыр.