Игі бастаманы Батыс Қазақстан облысынан қабылдап алған Маңғыстау облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері Ақтау қаласындағы мектеп оқушыларымен тағылымды кездесу ұйымдастырды.  

Балаларға ұлттық тағамдар ұсынылып, домбырамен ән айтылып, ұлттық тәрбиеге негізделген жылы жүздесу өтті. Жас буынға отбасылық құндылықтарды, ұлтқа деген сүйіспеншілікті дәріптей отырып, ұрпақтар сабақтастығы мен мейірімділікке үндейтін өнегелі ойлар айтылды.  

Аналар кеңесі бұл қайырымдылық эстафетасын Абай облысына жолдап, игі істі жалғастыруға шақырды.  

#меніңҚазақстаным
#ОтбасыҚұндылықтары  
#ҚХА30жыл  
#МектепкеЖол