Ақтауда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жалпы ұзындығы 22,5 шақырымды құрайтын электр желісін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.Жаңарту жұмыстары Ақтау қаласының 6 аумағында қатар басталды.Бұл жұмыстарға 6 мердігер мекеме жұмылдырылған.Жаңғыртылып жатырған желілер 11а- шағын ауданнан 9-шағын ауданға, 27-шағын ауданнан бастап 13, 15, 29-шағын аудандарға дейінгі аумақты, сондай-ақ 17-шағын ауданнан 33-шағын ауданға дейінгі бөлікті қамтиды.