Қазақстандық өнім өндірушілер Францияда өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік деп танылды. «Mondial du Fromage-2025» ірімшік және сүт өнімдері байқауына биыл 17 отандасымыз қатысты. Сайыс қорытындысында қазақстандық шаруалар 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді жеңіп алды.