Ақтауда 2 жылдан бері жүргізіліп жатқан магистральдық жылу жүйелерін жаңартудың құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Қазір құбырды сумен толтырылып жатыр. Алдағы уақытта гидравликалық сынақ жүргізіледі. Мамандар содан кейін ғана қазылған жерлерді қалпына келтіреді.