Қайықтардың соқтығысуынан жеткіншек жарақат алды 16.09.2025 19:14 Ақтау жағажайында екі қайық соқтығысып, 11 жастағы бала зардап шекті. Дәрігерлер басынан жарақат алған жасөспірімді тексеруден соң үйіне жіберген. Қазір жеткіншек амбулаторлық ем қабылдап жатыр.