Әлемдік мұхиттанушылар Каспий теңізін құтқарудың жолдарын ұсынып, зерттеулерін жариялап жатқанда, Қазақстан аумағындағы ғылыми мекемелер мен кешенді зерттеулер орталығы үнсіз отыр, - дейді сарапшылар. Президент бастамасымен құрылған Каспий теңізінің ғылыми зерттеу институты әлі күнге дейін ғылыми алаңда да, халықаралық ортада да айтарлықтай көріне қойған жоқ екенін айтып отыр зерттеушілер. Әріптесім институттың қазіргі жұмысы қандай деңгейде екенін және ондағы ғалымдар Каспийдің болашағы жайлы талқылау алаңдарында неліктен бой көрсетпей жүргендері туралы баяндайды.