Маңғыстауда Ақтау халықаралық теңіз сауда портында бір әулеттің ағайынды төрт бірдей азаматы жұмыс істейді. Думан, Ерболат, Жангелді мен Айдын Ілиясовтарды кәсіпорында бәрі таниды. Олар жүктерді қабылдап-жөнелтумен қатар, айлақтың бүкіл жұмысын ұйымдастырады. Сондай-ақ, төртеуі де өнерпаз. Музыкалық аспаптармен жанды дауыста ән айтады.