Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экология мәселесіне ерекше тоқталды. Ол, қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен жауапкершілікпен және шынайы қамқорлықпен қарау ұлттық идеологияның өзегі болуы керек деді. Былтырдан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр.