Ақтауда көше жолдарының сапасын бақылау жасанды интеллект көмегімен атқарылады. Мамандар шағын ауданішілік жолдардың жай-күйін озық үлгідегі құралмен тексеріп, өз жұмысына салғырт қарағандарды анықтайды. Жыл басынан бері бірнеше ықшам ауданда сапасыз төселген жол учаскелері жауапты мердігердің өз қаржысына қайта төселген.