Маңғыстауда өткен ІІІ халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі қорытындыланды. Іс-шарада 7 елден қатысқан өнер ұжымдары марапатталды. Сахна саңлақтары 1 апта бойы өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Осылайша, бұл фестиваль түркі жұртының мәдени байланысын одан әрі нығайтуға үлес қосты.